Ресейлік ойыншы «Ақжайыққа» ауысады

Ресейлік ойыншы «Ақжайыққа» ауысады

Грозныйлық «Ахматының» жартылай қорғаушысы Михаил Гащенков мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы «Матч ТВ» хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы «Ақжайықпен» келісімшартқа отыруға жақын. 18 турдан кейін оралдық клуб 28 ұпаймен Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 4-орында тұр.

Өткен маусымда 29 жастағы жартылай қорғаушы «Нижний Новгородқа» жалға берілген. аталған клуб сапында ол ФНЛ аясында 30 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или