Еуро-2020. Украина тарихында тұңғыш рет 1/4 финалда ойнайды
Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан соңғы команда анықталды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Глазго қаласында Швеция мен Украина құрамалары кездесті. Андрей Шевченко баптайын команда плей-офф кезеңіне шведтердің арқасында шыққан еді. Скандинавтықтар топтағы соңғы турда поляктарды ұпайсыз қалдырғаныны арқасында, Украина 1/8 финалға жолдама алған-тұғын.

Андрей Ярмелоленко баптаған жігіттер топтық кезеңнің соңғы матчында сүреңсіз күй кешіп, Австриядан ұтылды. Ал, Швеция Испанияны артта қалдырып, өз тобында бірінші орынмен шыққан. Сондықтан матч алдында көпшілік Ян Андерссон шәкірттерін жеңімпаз ретінде көрді.
Бірінші таймда командалар бір голдан алмасты. Әуелі, Ярмоленко айып алаң ішінде Александр Зинченконың аяғына допты салып берді. Австриямен өткен ойыннан кейін бүкіл украина халқынан кешірім сұраған «Манчестер Сити» футболшысы алыс бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. Әйткенмен, үзіліске екі минут қалғанда турнирдергі үздік ойыншылардың бірі Эмиль Форсберг таразы басын теңестірді.

Екінші тайм да, овертаймның негізгі уақытында да гол соғылмады. Шведтер Маркус Даниэльссон алаңнан қуылған соң, жиырма минуттай бір ойыншыға кем ойнады. Капитан Ярмоленконың орынына шыққан Артем Добвик 121-минутта Украина үшін тарихи гол соқты. Ширек финалда Шевченко жігіттері Англия құрамасымен кездеседі.
Англия – Украина ойыны 3 шілде күні Римде өтеді.