«Ақжайықтың» бұрынғы ойыншысы кипрлік клубқа ауысты
«Ақжайық» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Артур Карашаускас мансабын кипрлік «Этникос» сапында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшының клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін жасалды.
Карашаускас осы маусымды «Лиепая» командасында бастап, Латвия чемпионатында 10 матчта төрт гол соқты. Бірақ соңғы бір айда шабуылшы алаңға шыққан жоқ, әрі өткен аптада командадан кетті.
Шабуылшы «Лиепаядан» бөлек, «Рига», «Сконто», «Олимп» және Польша, Украина, Швейцария, Ресей және Қазақстанның бірқатар клубтарында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или