ҚПЛ: «Астана» кезекті жеңілісіне ұшырады

ҚПЛ: «Астана» кезекті жеңілісіне ұшырады

Қазақстан чемпионатының 18-туры матчында Петропавлдың «Қызыл-Жары» өз алаңында «Астанамен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қонақтар матч алдында қонақтар айқын фаворит саналғанымен, Максим Драченко мен Юрий Бушман көмегімен алаң иелері екі доп соғып кетті. Үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартуға қанша тырысса да, «Астана» қарсылас қақпасының кілтін таба алмады. Екінші таймның басында ғана Исламбек Қуат бір гол соқты. Бірақ, петропавлдық команданың шабуылшысы Дарко Зорич тез арада екі доп басымдылығын қайта орнатты. Азулы «Астананың» шамасы матч аяғына дейін есепті қысқартуға ғана жетті.

Елордалық команда қатарынан екінші ойында ұпайсыз қалды. Өткен турда Андрей Тихонов командасы «Ордбасыдан» ұтылған еді. Жалпы, «Астана» соңғы 6 матч алты ұпай ғана қоржынға салды.  

Еншісінде 38 ұпайы қалған «Астана» «Тобылымен» бірінші орынды бөлісіп тұр. «Қызыл-Жар» 25 ұпаймен бесінші орынға жайқасты.

«Қызыл-Жар» — «Астана» 3:2 (2:0)

Гол соққандар:<span> </span><span>Драченко 3 (1:0), Бушман 9 (2:0), Қуат 51 (2:1), Зорич 68 (3:1), Айымбетов 86 (3:2).</span><span id="pastemarkerend"> </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или