Италия – Аустрия матчында Еуропа чемпионатының жаңа парағы ашылды
Еуропа чемпионаты 1/8 финалында Италия құрамасы Аустриясы 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп жазады Prosports.kz.
Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, матч қосымша уақытқа созылды. Кездесудегі үш гол да қосымша 30 минутта соғылды.
Бір қызығы осы үш голды соққан ойыншылардың барлығы қосалқы құрамнан шыққан. Атап айтқанда, Италияға жеңіс сыйлаған Федерико Кьеза мен Маттео Пессина, Аустрия үшін бір гол соққан Саша Калайджич ойынға қосалқы құрамнан қосылды.
Қосалқы құрамнан шыққан үш ойыншының қосымша уақытта гол соғуы Еуропа чемпионаты тарихында бұған дейін болмаған. Демек, жаңа статистикалық рекод тіркелді деген сөз.
Айта кетерлігі, мұндай жағдай әлем чемпионаты тарихында да болмаған.
Еуропа чемпионаты - 2020. Плей-офф. 1/8 финал.
Италия - Аустрия - 2:1
Гол соққандардар:<span> </span>Кьеза 95, Пессина 105 - Калайджич 114.