Күрес

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы «Яшар Догу» жарысында бес медаль еншіледі

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы «Яшар Догу» жарысында бес медаль еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Түркияда халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін, 26 маусым күні Түркияның Стамбул қаласында әйелдер күресінен «Яшар Догу» атындағы халықаралық турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бес медаль жеңіп алды.

55 келіде Айша Уәлишан мен 65 келіде Айна Теміртасова, 72 келіде Валерия Гончарова жарыстың күміс жүлдегерлері атанды.

Ал 65 келіде белдескен Гаухар Мұқатай мен 55 келідегі Сандуғаш Дюсенова қоржынды қос қоламен толықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер