«Тұран-2007» жас ойыншылары халықаралық турнирде хорваттарды таң қалдырды
«Тұран-2007» жас ойыншылары Хорватияда өтіп жатқан Dalmatinko-2021 турнирінің ең эмоционалды командасы деп аталады. Риясыз ойыннан басқа, «Тұран-2007» алаңнан тыс жерде тосынсыйлар жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістанның жігіттері үшін бұл өмірлеріндегі шетелге алғашқы саяхаты болды. Біздің жеткіншектер шетелдіктерді таң қалдыру үшін ойын алаңында қазақтың ұлттық бас киімі тахияда ресми фотосуретке түсті. Сондай-ақ еліміздің көкбайрағын желбіретіп, Қазақстанның және өз клубының вымпелін қолдарына ұстап, жасыл алаңда керемет көріністерімен көрерменің көзаймына бөленді.
Содан кейін «Тұран» ойыншысы Абылай Есіркеп Coca-Cola мен Sportyn бірлескен челленджін ұйымдастырушыларды таң қалдырды. Ол тапсырманы керемет орындап қана қоймай (допты кедергілер арқылы өткізіп, тоғыздыққа гол соқты), сонымен бірге, керемет голын өзінің тамаша қимылымен тойлады.
Sportyn қосымшасында тұрандық жасөспірімдердің видеосы көп қаралымға ие болып, халықаралық турнирді ұйымдастырушылардың тағайындаған сыйлықтарын жеңіп алуға орасан мүмкіндігі болды. Бұл бағалы сыйлық «Севилья» ойыншысы Иван Ракитичтің қолтаңбасы бар етік.
Мақсат Әбілқасымның әзілдері мен шеберлігі турнирде өзін ең ерекше құрметке ие етті. Орыс және ағылшын тілдерін белсенді түрде меңгерген ол, «Бәріде мүмкін дейді», - дейді.
«Лириямен» болған жеңісті матчта Мақсат 11 метрлік айып добын орындауда шеберлік танытты.
«Тұран» топтық кезеңнің соңғы кезеңінде турнир фавориттері «Хайдукпен» кездесті (Сплит). Жас жігіттер арасында бұл команда аймақтағы ең мықты команда. Сондай-ақ «Тұран» жасөспірімдері сапында үш ойыншы жарақат алды. Тартысты доп додасы алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды.
Бүгін тұрандықтар топтық кезеңнің соңғы матчын «Трогир» командасына қарсы өткізеді.
Жалпы команда өз топтарында қиын кестеге қарамастан, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Еске салайық, Dalmatinko-2021турнирге қатысуға Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабанович шақырып, команда халықаралық турнирге қатысуға мүмкіндік алды.
Бұл ұсынысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Түркістан облысының футбол федерациясы қолдап, жеткіншектердің тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік жасады.
Dalmatinko-2021 турниріне Тұран командасынан басқа Қазақстаннан Ақтаудың «Каспий» құрамасы қатысты. Тағы бір айта кетерлігі Владимир Рибич «Қайраттың» бұрынғы футболшысы және Каспийдің бұрынғы бас менеджері.