Уэльс – Дания және Италия – Аустрия матчтарының тікелей трансляциясы

Уэльс – Дания және Италия – Аустрия матчтарының тікелей трансляциясы

26 маусым күні кешке және 27 маусымға қараған түні Амстердам мен Лондонда 2020 жылғы Еуропа футбол чемпионатының 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Йохан Кройф Аренада» Уэльс пен Дания құрамалары кездеседі. Екі команда плей-оффқа топта екінші орын алып шықты. Qazaqstan телеарнасы көрсететін Уэльс - Дания матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталып, мына СІЛТЕМЕ арқылы қол жетімді болады.

Ұлыбритания астанасындағы «Уэмбли» стадионында ширек финалға екінші жолдаманы Италия мен Австрия құрамалары сарапқа салады. Топтық кезеңдегі үш кездесуде де жеңіске жеткен және бір гол жібермеген италиялықтар текетірестің айқын фавориті.

Италия - Австрия кездесуі Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция елорда уақытымен 00:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или