Dalmatinko cup-2021: «Каспий-2011» үш ойын қатарынан жеңіске жетті
«Каспий-2011» (U-10) командасы Dalmatinko Cup 2021 халықаралық турниріне қатысып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық жас футболшылар Хорватияда өтіп жатқан турнир аясында үш матч өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.
Алғашқы үш матчта қарсылас қақпасына 6 гол соғып, бірде-бір гол өткізбеген «Каспийдің» жас футболшылары 9 ұпай жинап, бір тур бұрын топтан шықты.
Олар топтық кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін 26 маусымда өткізеді.
Айта кетейік, «Каспий-2011» ойыншысы Амантай Нұрқанат 4 гол соғып, үздік сұрмергендер кестесінде 3-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или