«Тұран-2007» халықаралық турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Тұран-2007» халықаралық турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Тұран-2007» командасы Dalmatinko-2021 халықаралық турниріне қатысып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Түркістандық жас футболшылар турнир аясында екі матч өткізді.

Футболшылар Қазақстаннан Хорватияға дейін ұзақ жол жүрді. Жігіттер соңғы нүктеге, Сплитке жақын Трогир қаласына, шамамен 12 сағатта жетті.

Келесі күні турандықтар жергілікті командалармен екі матч өткізді. Бастапқы ойында «Тұран-2007» «Солиннен» жеңіліп, кездесуді екі жарақатпен аяқтады.

Ал екінші турда жас тұрандықтар «Лирияны» жеңді. Мақсат Әбілхасым пенальти алып, Әліби Кеңесбек 11 метрлік айып добынан мүлт кетпей, халықаралық турнирлерде «Тұранның» алғашқы голын соқты.

Бүгін «Тұран-2007» Dalmatinko-2021 фавориттерімен матч өткізеді. Алаң иелері Сплит қаласының атынан шығатын «Хайдук» командасы.

Айта кетейік, матчтар Хорватияның Сплит қаласында 23-30 маусым аралығында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или