Америка кубогы: Уругвай құрамасы Боливияны жеңді

Америка кубогы: Уругвай құрамасы Боливияны жеңді

Америка Кубогы топтық кезеңінің төртінші турында Боливия мен Уругвай құрамасы кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Куяба қаласындағы «Арена Пантанал» стадионында өткен ойында 2:0 есебімен Уругвай ойыншылары жеңіске жетті.  

40-минутта Боливия футболшысы Карлос Лампе өз қақпасына автогол соғып алды, ал 79-минутта Эдинсон Кавани гол соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды.

Осы жеңістен кейін Уругвай құрамасы 4 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал Боливия құрамасы бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или