Бірінші лиганың үздік сұрмергендер тізімі жарияланды
20 маусымда футболдан Бірінші лиганың 9-тур ойындары аяқталды, деп жазады Prosports.kz.
Алғашқы тоғыз турдан кейін «Қыран» 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап келеді. Екінші орындағы «Мақтааралдың» еншісінде 19 ұпай бар. Олардан кейін «Ақсу» мен «Оқжетпес» (18 ұпай) жайғасқан.
Назарларыңызға алағшқы тоғыз турдан кейінгі үздік сұрмергендер тізімін ұсынамыз.
10 – Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»)
7 – Д.Тұрсынбай («Тараз-Қаратау»), Тұрлыбек («Ақсу»)
5 – Сердюков («Мақтаарал»), Кенжебек, Абдулла («Қайрат-Жастар»), Мемешов («Қыран»)
4 – Жүзбай («Байқоңыр»), Сейітов, Қуанышбай (екеуі де – «Қыран»)
3 – Бовкун («Қайрат-Жастар»), Болов, Жұмаханов («Оқжетпес»), Жақсыбайұлы, Бөрібай, Қалдыбай (бәрі – «Қыран»), Матвиенко, Смайлов («Екібастұз»), М.Скорых («Қызыл-Жар»), Горшунов («Тараз-Қаратау»).