Бөрібаев «Таразға» қарсы матч туралы пікірін айтты

Бөрібаев «Таразға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Тұран» бас бапкері Абдухалық Бөрібаев ел чемпионатының 17-турындағы «Таразға» (1:1) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бүгінгі «Таразбен» өткен ойын өте тартысты өтті. Таңат Нөсербаев жарақатына қарамастан керемет гол салуға мүмкіндік жасады. Таңат команданың намысы үшін тырысып жатқан жігіттердің бірі.

Шəкірттерімнің ойын деңгейі жақсы. Алғашқы кездесу мен бұл матчтың айырмашылығы əрине бар. Соңғы кездері техникасы өте мықты ойыншыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсетуде.
Қарсыласымыз «Тараз» командасы негізінен өте тəжірибесі мол команда.

Сол себепті жылдам ойнайтын ойыншыларды алаңға шығарған болатынмын. Біздің ойыншыларымызда алаңда қарсыластың тактикасына қарай дұрыс жұмыс істеді. Қазіргі біздің негізгі проблемамыз да футболшыларымыздың жарақаты.

Бұл матчта қосалқы құрамадағы жас ойыншыларымызды додаға шығарғанмен ойынға айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Қорғаныста болмай, шабылдау қажет екендігін ойын алдында шəкірттеріме айтылған болатын. Дегенмен де, гол соғылған соң футболшыларымыз қорғаныста көбірек ойнап, шабуыл шебі ақсап қалды. Бұған басты себеп тағы да жарақат. Үзіліс кезінде жігіттерден сұрағанымда жарақат негізгі себеп болып тұрғанын айтты. Деседе ойыншылар өздері жарақатына қарамастан ойнауға ынталарын білдірген соң, кездесудің соңына дейін шыдап ойнауды өтіндік.

Бұл кездесуде шəкірттерім бір гол салды. Қарсыластар қарымта голды да соғып кетті. Жаңадан ойынға қосылған футболшылардың 70-80 пайызы негізінен гол сала алады. Бұл статистикалық тұрғыда дəлелденген. «Тараз» командасының қосалқы құрамынан шыққан Жақып Қожамберді гол соғып кетті. Бұл матчтың қорытындысы 1:1 есеппен тең аяқталды. Жақында қаралымда жүрген біраз жігіттер құрамаға қосылатын болады. Бұл ойынның тең аяқталуы негізінен, қазақстандық көптеген командалардан да жиі байқаймыз бір рет гол соққан соң футболшылар қорғанысты қорған етіп алады. Бұл тактика дұрыс емес. Осы мəселені мен ұдайы шəкірттеріме айтып отырамын. Алдағы кезде жанкүйерлерімізге талай жеңіс голын сыйлайтын боламыз, - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или