Стерлинг Англияны тағы құтқарды, Хорватия екінші орынмен келесі кезеңге өтті

Стерлинг Англияны тағы құтқарды, Хорватия екінші орынмен келесі кезеңге өтті

Еуропа чемпионатында D тобындағы соңғы тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көш бастап тұрған Англия құрамасы үшінші турда топтағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Гарет Саутгейт командасы Рахим Стерлинг соққан голдың арқасында Чехияны жеңді. Үш ойында екі гол соғып, қақпасына гол өткізбеген Англия 1/8 финалға жолдама алды. Чехтар да мәз. Жеңілсе де, төрт ұпай еншілеп, келесі кезеңге өтті.  

Еуро-2020. D. тобы 3 тур.

Чехия - Англия - (0: 1)

Гол авторы: Стерлинг 12 (0:1)

Глазго қаласында Шотландия әлемнің вице-чемпиондары Хорватиямен кездесті. Шотландия жеңіске жетсе, үшінші орынмен плей-оффқа шығып қана қоймай, «шақпақтыларды» үйлеріне қайтаратын еді. Бактиер Зайнутдиновтың әріптесі Никола Влашич гол соғып, Лука Модрич те дер кезінде оянып Хорватияны масқарадан аман алып қалды. Не бел, не белбеу кетеді деп соңғы соғысқа аттанардай жігермен шыққан Шотландия қарсыластың тәжірбиелі екенін мойындауға мәжбүр болды.

 

Хорватия – Шотландия – 3:1 (1:1)

Гол соққандар: Влашич 17 (1:0), Макгрегор 42 (1:1), Модрич 62 (2:1), Перишич 77 (3:1)

D тобындағы қорытынды кесте:

1. Англия – 7 ұпай

2. Хорватия – 4

3. Чехия – 4

4. Шотландия – 1

Англия, Хорватия және Чехия 1/8 финалға шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или