Жанкүйерлерден оңбай ұрыс естіген «Ордабасы» сырт алаңда «Астананы» жеңді

Жанкүйерлерден оңбай ұрыс естіген «Ордабасы» сырт алаңда «Астананы» жеңді

Қазақстан чемпионатының 17-турының орталық ойыны Нұр-Сұлтанда өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» мен «Ордабасы» арасындағы матчта көпшілік күтпеген нәтиже тіркелді. Шымкенттік команда 2:0 есебімен ұтып, елордалық команданы ұпайсыз қалдырған маусымдағы алғаш команда болды.

Еске сала кетейік, өткен турда «Ақтөбеден» жеңілгеннен кейін шымкенттік клуб жанкүйерлері Бақтияр Байсейітовтің қызметінен кетуін талап етіп, футболшылар отырған автобусқа тас лақтырған еді. Кейін команда капитаны болып Еркебұлан Тұңғышбаев тағайындалғаны мәлім болды. 

Қазақстан чемпионаты. 17 тур.

«Астана» (Нұр-Сұлтан) - «Ордабасы» (Шымкент) - 0:2 (0:2)

Гол соққандар: Қайыров 21 (0:1), Жоао Паулу 24 (0:2)

Төреші: Измайлов (Талдықорған)

22 маусым. Нұр-Сұлтан. «Астана-Арена» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или