«Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы қайтыс болды
КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы және футболдан спорт шебері Сергей Шапошников 98 жасында қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ТАСС хабарлады. Жаттықтырушы өлімнің себебі айтылған жоқ.
Шапошников 1966-1967, 1979, 1983 және 1987-1988 жылдары ЦСКА-ның бас бапкері болды. Маман сонымен бірге СКА (1961-1965), «Черноморец» (1968-1970), «Нистру» (1972), «Қайрат» (1972) және «Таврия» (1974-1977) клубтарын тізгіндеген.
Шапошников ЦСКА спорттық ардагерлер кеңесінің мүшесі болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или