ЕУРО-2020: Чехия – Англия және Хорватия – Шотландия матчарының трансляциясы
23 маусымға қараған түні футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің кезекті екі матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұл ойын күні D тобының екі матчы өтеді. Лондонда кездесетін Чехия мен Англияның қоржынында 4 ұпайдан бар. Qazaqstan телеарнасы көрсететін Чехия - Англия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады, ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.
Дәл осы уақытта Глазгода Хорватия мен Шотландия құрамалары арасында D тобындағы екінші матч басталады. Екі құрама топтың 3 және 4 орындарын бөлісіп тұр. Матчтың трансляциясын Qazsport телеарнасын мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или