Еуро-2020. Нидерланды плей-оффқа сенімді шықты, Украина тағдыры өзгелердің қолында

Еуро-2020. Нидерланды плей-оффқа сенімді шықты, Украина тағдыры өзгелердің қолында

Еуропа чемпионатының С тобында үшінші тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аустрия - Украина матчында екінші орынды сақтап қалу үшін украиндарға тең нәтиже де тиімді еді. Қос команда үш ұпайдан жинағанымен, Украина қосымша көрсеткіштің арқасында бір саты жоғары тұрған. Жеңіс ауадай қажет екенін ұққан аустриялықтар ойын басынан белсенді ойнады. Бірінші таймда кездесудегі жалғыз голды соғып, матчтың екінші бөлігінде жеңісті есепті ұстады. Алты ұпай қоржыңға салған Аустрия құрамасы плей-офф кезеңіне екінші орынмен аттанды. 1/8 финалда Франко Фода баптайтын команда Италиямен кездеседі. Украина қалған топтардағы нәтижелерді күтеді. 

Еуро-2020. С тобы. 3 тур

Украина - Аустрия - 0:1

Гол авторы: Баумгартнер

Топтың айқын аутсайдері мен фавориті кездескен матчта сенсация тіркелген жоқ. Нидерланды Солтүстік Македония қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты. Жақында ғана ПСЖ футболшысы атанған Джорджиньо Вейналдум дубль авторы атанды. Тағы бір голды Мемфис Депай соқты. Франк де Бур командасы үш ойында тоғыз ұпай жинады. 

Солтүстік Македония - Нидерланды - 0:3

Гол соққандар: Депай, 24 (0:1); Вейналдум, 51 (0:2); Вейналдум, 58 (0:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или