«Астана» - 2015 жылғы Суперкубоктың иегері

«Астана» мен «Қайрат» командалары «Астана-Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогын сарапқа салды. Маусымның шымылдығын түрген ойында «Астана» командасы пенальти сериясында жеңімпаз атанды.

Бірінші тайм алма кезек шабуылдармен өтті. Бірақ қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ойынның 5-ші минутында Гоу қақпашымен жеке дара шығып түк істей алмады. 25-ші минутта Исламханның бұрыштамадан берген пасына Рудосельский басын тосқанмен доп әлдеқайда биік кетті. Бірінші таймның аяқталуына 5 минут қалғанда Исаэль қақпаға жойқын соққы бағыттап үлгерді. Бірақ Эрич шеберлігімен допты қайтара білді. Ойынның алғашқы жартысы осылай аяқталды.

Ал екінші тайм бірінші кезеңмен салыстырғанда тартысты өтті. Ойын бастала салысымен «Астана» допқа иелік етіп, қарсыласын қыспаққа алды. 47-ші минутта Бейсебеков айып алаңынан қақпаға соққы бағаттаған, - қисық кетті. Ең қауіпті сәті 63-минутта болды. Фоксиден пас алған Твумаси алыс бұрышты көздеген, алайда доп бағанаға тиіп кері серпілді. 64-минутта Исаэль тепкен доп қақпадан сәл ғана биік кетті. Владимир Вайсс 79-минутта бірден екі ойыншыны алаңға шығарды: Дарабаев Исаэльді, Сисей Гоуды алмастырды. Дегенмен, бапкердің бұл қадамы да нәтиже бермеді. Ақыры, негізгі уақыт тең аяқталды.

Экстра таймдарда футболшылардың шаршағаны білінді. Алма-кезек шабуылдардан түк нәтиже шықпаған соң, бас төреші пенальти сериясына жүгінді. Футбол лотореясында елордалықтардың бағы жанып «Астана» команда капитаны Абзал Бейсебековтың арқасында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» - «Қайрат» – 0:0 (пен.) 3-2

Пенальти сериясы: Дарабаев – 0-0, Шомко – 0-0, Маркович – 0-0, Аничич – 1-0, Риера – 1-1, Каньяс – 2-1, Плиев – 2-1, Қонысбаев – 2-1, Рудосельский – 2-2, Фокси – 2-2, Калинин – 2-2, Бейсебеков – 3-2

«Астана»: Эрич, Шомко, Постников, Аничич, Бейсебеков, Твумаси, Максимович, Каньяс, Джолчиев (Қонысбаев, 72), Кетевоама, Родионов (Жуков, 62).

Қосалқы құрам: Логиновский, Е. Ахметов, Ларсен, Жаңғылышбай, Щеткин

«Қайрат»: Плотников, Плиев, Маркович, Рудосельский, Қуантаев, Риера, Бакаев, Гурман, Исаэль (Дараьаев, 79), Исламхан, Гоу (Сисей, 79)

Қосалқы құрам: Ткачук, Ли, Лунин, Балтабаев, Калинин

Төреші:  Йонас Эриксcон (Швеция)

1 наурыз. Астана. «Астана-Арена» стадионы. 10 000 көрермен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или