Тұңғышбаев «Ордабасының» капитаны болып тағайындалды
Жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» командасының капитаны болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- «Ордабасы» футбол клубы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевты команданың жаңа капитаны етіп тағайындады. Вице-капитан ретінде қорғаушылар Темірлан Ерланов пен Пабло Фонтанелло таңдалды, - делінген команда хабарламасында.
26 жастағы Еркебұлан Тұңғышбаев Шымкент футболының түлегі. «Ордабасы» сапында 159 кездесу өткізіп, 26 гол соққан. Жартылай қорғаушы сонымен бірге Қазақстан құрамасында 11 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или