Еуро-2020: оныншы ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы
20 маусымда Италия мен Әзербайжанда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 3-тур ойындары басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Римдегі Италия мен Уэльс құрамалары арасындағы матч күн бағдарламасын ашады. Турнирдің номинал қожайындары А тобының турнир кестесінде көш бастап тұр, екінші орында Уэльс тұр. Qazaqstan телеарнасы көрсететін Италия - Уэльс матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.
Дәл осы уақытта Бакуде Швейцария мен Түркия құрамалары арасындағы матч өтеді. Бұл кездесу Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан астанасы уақытымен 21:50-де басталатын трансляцияны мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или