Қазақстан чемпионатының мамыр айындағы үздік бас бапкері анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) мамыр айының қорытындысы бойынша 2021футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкерін анықтады.
Сауалнама отандық командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Мамыр айының үздік бас бапкері болып ақтаулық «Қаспий» командасының жаттықтырушысы Срджан Благоевич атанды. Сербиялық маман 5 ұпай жинады.
Аталмыш сауалнамада екінші орынды «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян иеленді, қостанайлық ұжымның бапкеріне өз дауыстарын 4 маман берді. Үздік үштікті «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов тұйықтады. Ресейлік маман 3 ұпай жинады.
Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 16-тур «Қаспий»-«Қайсар» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или