ҚПЛ-2015: Аптаның үздік он трансфері

ҚПЛ-2015: Аптаның үздік он трансфері

Премьер-Лига және бірінші лига командалары алдағы жаңа маусымға тыңғылықты дайындалуда. Әрқайсысы чемпиондықты мақсат тұтып, құрамына сапалы ойыншыларды тіркеуде. Сонымен, аптаны қорытындыласақ, қай клуб бір жетіде жақсы трансфер жасап үлгерді?

10-орын. Украиналық шабуылшы Александр Пищур «Тараз» ойыншысы атанды

34-жасар шабуылшы Қазақстандық клубпен 1 жылдық келісімшартқа қол қойды. Карьерасын белорусстық «Днепр-Трансмаш» командасында бастаған. Одан соң өзінің отанына оралып, жергілікті клубтарда доп тепті. Словакиялық «Ружомбероктың» да жейдесін киген. Өткен маусымда ташкенттік «Бунедкор» сапында алаңға 44 рет шығып, 25 голдың авторы атанды. «Тараз» үшін бұл трансфердің қаншалықты пайдалы екенін алдағы маусымда білетін боламыз.

9-орын. 28 жастағы румындық қорғаушы Йоан Мера «Таразға» ауысты

Йоан Мера «Тимишоара», «Решица», «Буфтеа», «Глория», «Униря» секілді румындық клубтарда ойнаған. 2012 жылы ресейлік «Алания» сапына ауысып, алаңға небәрі үш-ақ рет шығады. Бұл жақта жолы бола қоймаған соң, атамекеніне оралып, «Сэгята», «Тимишоара» командаларының намысын қорғады. Соңғы клубы бухаресттік «Рапид». «Тараз» сапында біраз жолдастық кездесулерге қатысып үлгеріпті.

8-орын. 27 жастағы Голландиялық қазақ Мұрат Өнал «Қыранмен» жаңа келісімге келді

Былтырғы маусымда «Қыран» сапында Өнал 27 ойын өткізіп, 14 гол соққан. Сонымен қатар ол бельгиялық «Брююге», голландиялық «Волендам», «Адо Ден Хааг», финьляндиялық «Каяни» командаларында өнер көсеткен. «Қыран» үшін өте пайдалы ойыншы Премьер-лигада ойнауға әбден қауқарлы.

7-орын. «Қызыл-Жардың» тарихындағы ең қымбат ойыншы

Сенегалдық орталық қорғаушы Эльхаджи Усейн Н'дойе «Қызыл-Жар» футбол  клубы тарихындағы ең қымбат ойыншысына айналды. 22 жастағы футболшының бойы 189 см. Бельгиялық «Зюлте-Варегам», «Брюссель», «Уайт Стар» атты клубтарында ойнаған. Соңғы клубы румындық «Астра» ұжымы. Transfermarkt.de сайтының бағалауы бойынша оның қазіргі құны 250 мың еуроны құрайды.

6-орын. Донецкілік «Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы «Оқжетпесте»

28 жасар Александр Чижов «Ворскла», «Шахтер», «Ильичевец», «Севастополь» сынды клубтарда  өнер көрсеткен. Сонымен қатар Украинаның 21 жасқа дейінгі құрамасында 6 ойын өткізген. «Оқжетпеске» келместен бұрын, Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында Алматылық «Қайрат» клубында байқауда болған. Бірақ Владимир Вайсстың көңіленен шықпаған болса керек. Есесіне «Оқжетпес» бұл ойыншыға келісімшарт ұсынды.

5-орын. «Қызыл-Жардың» екінші қарамаржаны

Орталық Африка Республикасы ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Лимане Мусса бірінші лигадағы «Қызыл-Жар СК-мен» екі жылдық келісімге отырды. Оқу-жаттығу жиындарында өзін жақсы қырынан танытып, команданың сапын толықтырды. Қазақстанға көшер бұрын 22 жасар ойыншы өз елінің және Суданның біраз командаларында доп тепкен. Айтпақшы, бұл жігіт «Астананың» шабуылшысы Фокси Кетевоаманың жақын досы. Алаңдағы орыны - орталық жартылай қорғаушы. Мусса былтырғы маусымда өз чемпионатының үздік бомбардирі атанған.

4-орын. Талдықорғандық «Жетісу» Джордже Деспотовичпен толықты

«Жетісу» бұл ойыншыны сербиялық «Црвена Звезда» клубынан жарты жылға жалға алды. Ауысуының басты себебі - командадан өз орнын таба алмауы. «Црвена Звезда» сапында 12 ойында 2 гол соққан. Бұған дейін сербиялық «Сопот», «Спартак Суботица» және бельгиялық «Локерен» клубтарында ойнады. Сербияның U-19, U-21 жастағы құрамаларында елінің намысын қорғады. Өзінің сұхбатында: «Мақсатым алты ай ішінде қарсыластарыма көп гол соғу арқылы «Црвена Звезда» командасына өзімнің қалай ойнайтынымды көрсету», - деген еді. Қазақ чемпионатында бағы жанар ма екен? Оны көре жатармыз.

3-орын. Александр Гейнрих шымкенттік «Ордабасыда»

Премьер-Лигада 52 ойын өткізіп, 15 гол соққан, Өзбекстан ұлттық құрамасында 83 ойынға қатысып, 28 гол соққан.

«Жаттығу жиынын ташкенттік «Локомотив» клубымен өткіздім. Бірақ клуб басышылығымен арамызда түсініспеушілік болып қалды. Сол себепті келісімшартқа отырмай шымкенттік команданың ұсынысын қуанышпен қабылдадым», - дейді Гейнрих. Жергілікті жанкүйерлер  Гейнрихтің ойынын көріп оған «Футболдағы суретші» деген лақап ат берген. «Өзбек - өз ағам» деп талантты ойыншыдан бас тартпаған «Ордабасыны» құттықтауға болады. Себебі Саша нағыз ұйымдастырушы. «Ақтөбе» сапында жүргенде шабуылдың өрбуі көбінесе осы шабуылшы арқылы жүретін.

2-орын. «Ақтөбе» нигериялық ойыншыны алды

Клуб нигериялық қорғаушы Айоделе Аделейемен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Кәсіби мансабында нигериялық «Шутинг Старз», голландиялық «Спарта Роттердам», украиндық «Металлург», «Таврия», ресейлік «Кубань», «Анжи», грекиялық «Эрготелис» сынды клубтар болды. «Ақтөбеден» бұрын грекиялық "ОФИ" командасында өнер көрсеткен. 2005 жылы Нигерияның жастар құрамасына ілікті. 2009 жылдан бастап ұлттық құрама жейдесін 10 рет киді.

1-орын. «Ертістің» ең сәтті трансфері

Буркина-Фасо құрамасының шабуылшысы Аристид Бансе керекулік «Ертіс» клубының ойыншысы атанды. 30 жастағы футболшы спорттық мансабында 11 мемлекет көріпті, Қазақстан - он екіншісі. Соңғы клубы финляндиялық ХИК-тің сапында биыл чемпион атанды. Сондай-ақ, германиялық «Майнц», «Аугсбург», «Фортуна», БАӘ «Аль-Ахли», түркиялық «Самсунспор», украиндық «Металлург», бельгиялық «Локерен» және де тағы басқа атақты клубтарда өнер көрсетті. «Фортунада» жүріп Қазақстандық Генрих Шмидтгальмен бірге ойнаған. Ұлттық құрама сапында 44 ойынға қатысып,11 гол соққан. Аристид Бансе «Ертісті» ғана емес жалпы Премьер-лиганы күшейтетін жақсы трансфер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или