«Ақтөбе» ФК клубтың ақшасы таусылғанын жоққа шығарды
Желіде «Ақтөбе» футбол клубының бюджеті таусылғаны туралы ақпарат тараған. Клуб бұл ақпарат жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>«2021 жылғы 18 маусымда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде «Ақтөбе» ФК-ның ақшасы таусылғаны туралы, және енді клуб басшылығы футболшыларға маусым айына не төлейтінін білмейді деген жалған ақпарат жарияланды.</span>
<span>Осыған байланысты «Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде бұл ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық барын, тіпті бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз. Құрметті жанкүйерлер, біздің клубтың ресми дерек көздеріне ғана сенуіңізді сұраймыз», - делінген клуб хабарламасында. <br /></span>