Еуро-2020: тоғызыншы ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы

Еуро-2020: тоғызыншы ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы

19 маусымда және 20 маусымға қараған түні Будапешт, Мюнхен мен Севильяда футболдан  Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі үш матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күнінің бағдарламасы Будапештте Венгрия мен Франция құрамаларының кездесуімен ашылады. Әлемнің қазіргі чемпиондары алғашқы үш ұпайын жинап үлгерді, ал мажарлар F тобында соңғы орында тұр. Qazsport телеарнасы көрсететін Венгрия - Франция матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.

Мюнхенде Португалия мен Германия құрамалары арасындағы матч өтеді. Кездесу Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан астанасы уақытымен 21:50-де басталатын трансляцияны мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Севильяда Испания мен Польша командалары арасында текетірес болады. Е тобындағы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Испания - Польша матчының тікелей трансляциясы Qazaqstan арнасынан көрсетіледі, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или