Нөсербаев Қазақстан Суперкубогында ойнамайды

«Астананың» шабуылшысы Таңат Нөсербаев жарақат алып, ертеңгі «Қайратқа» қарсы матчта командасына көмектесе алмайтын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз-мәслихатында мәлім етті. Нөсербаев өткен маусымда «Астана» сапында 42 матч өткізіп, 11 гол соққан.

Естеріңізге сала кетсек, Суперкубок матчы ертең, 1 наурызда, «Астана Аренада» өтеді. Матчтың басталу уақыты – 15:50.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или