«Қайрат» бірде-бір матчта алаңға шықпаған ресейлік футболшымен қоштасты

«Қайрат» бірде-бір матчта алаңға шықпаған ресейлік футболшымен қоштасты

«Қайрат» ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченкомен қош айтысқанын ресми мәлімдеді.

Ол «Қайрат» сапына өткен жылы көктемде қосылған еді. Қыркүйек айында «Ротор» командасына жалға берілді. Артынша СКА Хабаровск командасында ойнады.

Биыл да Кирилл Колесниченко Қазақстанда бірде-бір матчта алаңға шықпады. Ал бүгін алматылық клуб жас футболшының «Урал» клубына ауысқанын мәлімдеді.

Немістің беделді Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, «Қайрат» 20 жастағы футболшы үшін «Чертаново» клубына 250 мың еуро төлеген. Оның алматылық командамен келісімшарты 3 жылға жасалған деі.

Кирилл Колесниченко Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы ойынын 2018 жылы «СКА-Хабаровск» сапында өткізді. Одан кейін қайтадан «Чертаново» клубына оралып, онда 30 ойында 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или