«Шахтер» стадионы халықаралық матчтарды өткізуге дайын

«Шахтер» стадионы халықаралық матчтарды өткізуге дайын

<span>Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионын жаңғырту бойынша барлық жоспарланған жұмыстар аяқталды.</span>

<span> Стадионның басты құндылығы – футбол алаңы. Спорт кешені салынғаннан бері көгалдар әрқашан табиғи болған. Спорт маусымы наурыз айының басында басталып, қараша айының соңында аяқталатыны баршаға мәлім. Климаттық жағдайларға байланысты бұл кезеңділікті сақтау мүмкін болмады. UEFA ережелеріне сәйкес, алаң маусым бойы тиісті сапада болуы керек. </span>

<span>«Қазір алаңда Италияда өндірілген жасанды көгал төселген. Жылыту жүйесі орнатылды, дренаж жүйесіне тексеру жүргізілді, жаңа суару жүйесі орнатылды. Көгалдар UEFA-ның барлық заманауи талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, бізде алаңда нормадан жоғары жүктеме болды. Бұрын жаттығулар күніне бір сағаттан аспайтын. Енді күніне 8 сағатқа дейін жаттығуға болады. Осыған байланысты жарыстар саны да артады», – дейді «Шахтер» стадионының директоры Вячеслав Мазитов. </span>

<span>Қазақстан футбол федерациясы тарапынан инспекциялау жүргізілді. Айдың соңында алан UEFA сертификаттауынан өтеді. Егер екінші санат расталса, стадионда халықаралық матчтарды өткізуге болады. Бұл – өте маңызды. Себебі «Шахтер» биыл Конфедерациялар кубогында ойнайды. Демек, Қарағандыда біліктілік раундтарын өткізу мүмкіндігі болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или