Қазақстан клубтары Конференция лигасындағы қарсыласын білді
УЕФА-ның Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Бұл кезеңде үш қазақстандық клуб жарыс жолына шығады. Олар: «Астана», қостанайлық «Тобыл» және қарағандылық «Шахтер».
«Тобылға» Хорватияның «Хайдук» командасы қарсылас атанса, «Астана» грекиялық «Арисқа» қарсы ойнайды. Кубок иегері «Шахтер» Румынияның «Стяуа» клубымен күш сынасады.
Ел чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының шығып қалған жағдайда Конференция лигасының екінші кезеңінде «Динамо» Тбилиси – «Нефтчи» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или