Еуро-2020: Бесінші ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы
15 маусымда кешке және 16 маусымға қараған түні Мюнхен Будапештте футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі матчтар өтеді, деп жазады Prosports.kz
F тобындағы Венгрия - Португалия матчы астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Ойын Будапешттегі Puskas Arena стадионында өтеді. Қос құрама бұған дейін 5 рет кездесіп, Португалия 4 мәрте жеңіске жеткен. Кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.
Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 01:00-де Франция мен Германия кездеседі. Соңғы рет командалар 2018 жылы Ұлттар лигасында кездескен. Ол кезде Франция 2:1 есебімен жеңіске жетті. Франция - Германия матчын Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или