«Қайрат» шабуылшысы неміс клубына ауысты

«Қайрат» шабуылшысы неміс клубына ауысты

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Штрели Мамба қазақстандық клубтан ресми түрде кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы немістің «Ганзасымен» келісімшартқа отырды. Ол бір жыл жалда ойнайды. 

«Бүгін мен Германияға қайтып оралғанымды жариялаймын. «Ганза» клубының мүшесі атанғаныма қуаныштымын. Маған мүмкіндік бергені үшін «Қайратқа» алғыс айтқым келеді», - деді Мамба.

Росток клубы өткен маусымда үшінші лиганың күміс медалін жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, футболшы қазақстандық клубқа германиялық «Падерборн» клубынан ауысқан еді. «Қайрат» Мамба үшін 200 мың еуро шамасында қаржы төлеген. Алматылық клуб қатарында Мамба 14 матч өткізіп, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или