«Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Марат Быстровтың командасында жұмыс істейді
«Манчестер Сити» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Яя Туре ресейлік «Ахматтың» жаттықтырушылар штабына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы грозныйлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров өнер көрсетеді.
Бұрынғы атақты футболшы Яя Туре грозныйлық клубтың жаттықтырушылар құрамында қызмет атқарады. Маманмен жасалған келісімшарт 2021-2022 жылғы маусымының соңына дейін жарамды.
Яя Туре мансабында «Беверен», «Металлург» (Донецк), «Монако», «Олимпиакос», «Барселона», «Манчестер Сити» клубтарында доп тепті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или