Шомко «Нижний Новгород» командасына ауыспайды

Шомко «Нижний Новгород» командасына ауыспайды

«Нижний Новгород» футбол клубының спорт директоры Игорь Кудряшов қазақстанды қорғаушы Дмитрий Шомконың аталған командаға ауысатынын жоққа шығарды, деп жазады Prosports.kz.

Кудряшов бұл туралы Eurostavka сайтына берген берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, <span>«Нижний Новгород» Шомкомен ешқандай да келіссөз жүргізген жоқ.</span>

«Біз бұл ойыншыны білеміз, бірақ Шомкомен келіссөз жүргізген жоқпыз. Келісімшарт жасау туралы айтудың өзі артық, бұл толықтай бос сөз», - дейді Кудряшов.

Бұған дейін БАҚ-та Шомко 14 маусымда Шомко <span>«Нижний Новгородпен» </span>келісімшарт жасасады деген ақпарат тараған. 

Айта кетейік, өткен маусымда Шомко «Астанадан» ресейлік «Роторға» ауысып, РПЛ-де төрт матчқа қатысты. 

2021 жылдың 30 маусымынан бастап ойыншы еркін агент атанды. Transfermarkt порталының дерегіне сүйенсек, 31 жастағы қорғаушының трансферлік құны 1 миллион еуро тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или