Еуро-2020: төртінші ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы

Еуро-2020: төртінші ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы

14 маусымда кешке және 15 маусымға қараған түні Глазго, Санкт-Петербург пен Севильяда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі матчтар өтеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де D тобында ойнайтын Шотландия мен Чехия құрамаларының кездесуі басталады. Былтыр қазанда шотландиялықтар Ұлттар лигасы матчында чехтарды өз алаңында жеңген, бүгін де сол жеңісті қайтарауға. Оның үстіне, бұл матчта сол «Хэмпден Парк» стадионында өтеді. Чехтар, сәйкесінше, сол жеңілісі үшін есе қайтаруға тырысады. Шотландия - Чехия ойыны Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі, трансляцияны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

D тобындағы Польша - Словакия матчы астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Ойын екі қарсылас үшін де маңызды болады, өйткені поляктар мен словактар келесі матчында азулы​​ испандар мен шведтермен өткізеді. Кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 01:00-де «Олимпико де Севилья – Ла Картуха» стадионының алаңына Испания мен Швеция құрамалары шығады. Бұл матчтың жеңімпазы D квартетінде бірінші орын алады деген болжам бар, сондықтан қарсыластар бүгін бірден іске кіріседі. Qazaqstan телеарнасының эфирінен Испания - Швеция матчының тікелей эфирін мына<span> </span>СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.

Фото: uefa.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или