«Тобылдан» бас бапкер кетуі мүмкін
«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян шетелдік клубтардың бірінен ұсыныс алып, ойыншылар мен бапкерлер құрамына кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Гол емес!» телеграм-каналына сілтеме жасап.
«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаянға шетелден ұсыныс келді. Маман өзінің жақында кететіндігі туралы ойыншылар мен бапкерлер құрамына хабарлады.
Толығырақ ақпарат жақын арада пайда болады», - делінген хабарламада.
15 ойыннан кейін 32 ұпаймен «Тобыл» кестеде екінші орында келеді.
Еске салайық, 41 жастағы Бабаян «Тобыл» тізгінін 2019 жылдың желтоқсан айында ұстады. Былтыр командамен күміс жүлде еншіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или