Мамыр айының үздік голының авторы марапатталды

Мамыр айының үздік голының авторы марапатталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының мамыр айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1 309 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік болып 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайрат» – «Ақтөбе» (12-тур) кездесуінде соғылған Эрвейн Мукамның тамаша голы атанды. Ақтөбелік ұжымның жартылай қорғаушысының голына 921 (70,39 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені ақтөбелік команданың ойыншысына ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыстады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или