«Тоттенхэмнің» бұрынғы дәрігері Эриксеннің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмағанын мәлімдеді

«Тоттенхэмнің» бұрынғы дәрігері Эриксеннің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмағанын мәлімдеді

Даниялық футболшы Кристиан Эриксен "Тоттенхэм" командасында ойнап жүргенде дәрігер болған Санджай Шарма оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтты.

– Ол келісімшартқа отырған сәттен бастап денсаулығын тексеру менің жұмысым болды. Біз оны жыл сайын тексеретін едік. 2019 жылға дейін оның тест нәтижелері ешқандай кінәрат бар екенін көрсетпеді. Жүрегінде ешқандай ауыр болмағанын білеміз.

Кристиан матчта құлағанда ойыма: «Құдайым-ау, біз бірдеңені байқамай қалдық па?» деген сұрақ келді.

Бірақ мен оның барлық тест нәтижелерін қайта қарап шықтым. Бәрінде ешқандай ақау жоқ екені көрсетілген, - деді дәрігер..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или