Еуропа чемпионаты: Дания - Финляндия матчы жалғасады
Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясындағы Дания - Финляндия матчы жалғасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, матч бірінші таймның 43-минутында Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен есінен танып қалған кезде үзілген болатын.
Кейін футболшының есін жиғаны, жағдайы тұрақты екені хабарланды.
Енді матч жалғасын табады. Алдымен бірінші таймның соңғы 4 минуты өтеді. Содан кейін 5 минуттық үзіліс болады және екінші тайм басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или