Еркін күрес

Балуан қыздар Poland Open турнирінде үш медаль ұтып алды

Балуан қыздар Poland Open турнирінде үш медаль ұтып алды
news-banner7
mobile-news-top

Польшада әйелдер күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр. ҰОК сайты қазақстандық балуандар нәтижесін ұсынады.

Рейтингтік турнирде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Валентина Исламова Брик қола жүлдегер атанды.

Осы салмақ дәрежесінде Әзірбайжан өкілі Мария Стадник топ жарса, украиналық Ливач Оксана күміс жүлдегер атанды. Ресейлік Мария Тюмерекова жарыстың екінші қоласына ие болды.

59 келіде бозкілемге шыққан бұрымды балуан Диана Каюмова екінші қоланы қоржынға салды. Польша спортшысы Ангелина Лысяк алтыннан алқа тақса, украиналы Юлия Лисовска күміспен күптелді.

Ел қоржынына үшінші қоланы Жамиля Бақбергенова әкеліп, 72 келіде үздік үштікке енді. Украина балуаны Алла Белинска бірінші орыннан көрінсе, түрік қызы Бусе Тосун екінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер