Қазақстан құрамасының шабуылшысы Беларусь чемпионатында көзге түсті
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владислав Васильев Беларусь чемпионатында көзге түсті.
«Гомель» командасына қарсы өткен матчта «Энергетик-БГУ» шабуылшысы екі нәтижелі пас беріп, ойын соңында командасына гол соғып, жеңісті әперді.
Биылғы маусымда Владислав Васильев «Энергетик-БГУ» сапында 12 матчта 4 гол соғып үлгерген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или