Қазақстандық футболшы Беларусь чемпионатында гол соқты
Минскілік «Энергетик-БГУ» Беларусь чемпионатының 12-турында өз алаңында «Гомельді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.
«Энергетик» сапында ойнайтын қазақстандық Владислав Васильев бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Алаң иелері сапында өнер көрсететін тағы бір қазақстандық Бақдәулет Зүлфикаров алаңға шыққан жоқ.
«Энергетик-БГУ» (Минск, Беларусь) – «Гомель» (Гомель, Беларусь) – 3:2
Гол соққандар: Айк Мусахянян 45+2, Дмитрий Гирс 54, Владислав Васильев 83 – Вадим Побудей 7, Андрей Соловей 32
Айта кетейік, «Энергетик-БГУ» 15 ұпаймен 9-орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или