«Қызыл-Жар» екі ойыншымен қоштасады

«Қызыл-Жар» екі ойыншымен қоштасады

Ильдар Айтов пен Виктор Гунченко петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубынан кетеді, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. 

Ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғандай, петропавлдық клуб сапында алаңға көп шыға алмай жүрген қос ойыншы командадан кетуді өздері ұсынған. 

31 жастағы Ильдар Айтов биылғы маусымда бір минут та ойнаған жоқ, ал 27 жастағы Виктор Гунченко бір ғана матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или