«Барселона» Стерлингке көз тікті
Журналист Маттео Мореттоның мәліметінше, Рахим Стерлинг жазғы трансфер кезінде «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін.
«Барселона» 26 жастағы ағылшын футболшысы жайлы ұсыныс жасамақ. Каталондық клуб бұл мәмілеге бірнеше ойыншыны қосуы мүмкін.
Стерлингтің өзі «қалалықтар» сапынан кеткісі келетіндігі туралы хабарланды.
Өткен маусымда Стерлинг ағылшындық премьер-лиганың 31 матчында 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или