Ел чемпионатының мамыр айындағы үздік голы анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) футболдан Қазақстан чемпионатының мамыр айындағы үздік голын анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Айдың үздік голы жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнама арқылы анықталды.
Сауалнама ҚКФЛ-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1309 адам қатысты.
Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы атағы «Қайрат» – «Ақтөбе» (12-тур) кездесуінде соғылған Эрвейн Мукамның нәтижелі соққысына бұйырды. Ақтөбелік ойыншының голына 921 (70,39 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или