ПСЖ президенті: Неймардың келісімшарты ұзартатынына күмәнім болмады

ПСЖ президенті: Неймардың келісімшарты ұзартатынына күмәнім болмады

ПСЖ клубының президенті Нассер Әл-Хелайфи бразилиялық шабуылшы Неймармен келіссөз жайлы айтты.

- Неймармен ортақ шешімге келу қиынға соқпады. Ол әлі де болсын әлемнің үздік ойыншысы. 

 «Барселона» соңына дейін сапына қосуға тырысқанымен Неймардың келісімшарты ұзартатынына күмәнім болмады, - дейді Әл-Хелайфи L’Equipe басылымына берген сұхбатында. 

Неймардың жаңа келісімшарты 2026 жылға дейін жасалған. Ал жылдық табысы таза 30 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, ПСЖ-ға 2017 жылы «Барселонадан» ауысып келді. Сол кезде париждік клуб оның трансферіне 222 млн еуро шығындаған. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или