Де Брюйне Еуропа чемпионаты қарсаңында ота жасатты
Бельгия құрамасының көшбасшы ойыншысы Кевин Де Брюйне Еуропа чемпионаты қарсаңында мұрнына ота жасатты.
Ол Чемпиондар лигасының финалында жарақат алып, мұрны мен бет сүйегін сындырып алды. Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес қазір Де Брюйне отадан кейін жақсы сезінетінін, қайта қалпына келу процесі жылдам өтіп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Бельгия құрамасы Еуропа чемпионатында В тобында Ресей, Дания және Финляндия ұжымдарына қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или