Ресми: Шпилевский «Эрцгебирге» футбол клубын жаттықтырады
«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кеткен Алексей Шпилевский германиялық «Эрцгебирге» футбол клубын жаттықтырады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы неміс клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
«Эрцгебирге» - екінші неміс Бундеслигада бақ сынайтын клуб. Шпилевскиймен келісімшарт 2024 жылдың маусымына дейін жасалды.
Клубтың президенті Хельге Леонхардт беларусь маманының жас болғанына қарамастан үлкен тәжірибеге ие екенін атап өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или