Ресми: «Қайратқа» келеді деген бапкер «Аль-Айнды» жаттықтыратын болды

Ресми: «Қайратқа» келеді деген бапкер «Аль-Айнды» жаттықтыратын болды

Украиналық маман Сергей Ребров «Аль-Айн» (БАӘ) футбол клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. 

«Ференцварош» клубын бастап үш дүркін Венгрия чемпионы атанған Ребров ол командадан жақында ғана кеткен болатын.  

Осыдан кейін БАҚ бетінде ол алматылық «Қайраттың» бас бапкері болады деген ақпарат тарады.

Айта кетейік, «Аль-Айн» клубында бұған дейін қазақстандық Бауыржан Исламхан өнер көрсеткен. Бірақ 2020 жылы желтоқсанда Исламхан тыйым салынған затты қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или