«Шахтердің» бұрынғы бас бапкері ресейлік клубты жаттықтырады
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Виктор Кумыков ресейлік «Спутникті» жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
57 жастағы ресейлік маман «Спартак Нальчик» (Ресей), «Елімай», «Қайсар», «Шахтер», «Ордабасы», «Атырау» (бәрі - Казахстан), «Машъал», «Насаф», АГМК, «Андижан» секілді клубтарды жаттықтырған.
Кумыков қарағандылық «Шахтерді» бастап екі рет ел чемпион атанды, сонымен қатар Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
2013/14 жылғы маусымда Қазақстан тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или