Испания мен Португалия 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге бірлескен өтінім береді

Испания мен Португалия 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге бірлескен өтінім береді

Испания мен Португалия 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге бірлескен өтінім береді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Испания футбол федерациясының ресми сайтында хабарланды.

Хабарламаға сәйкес, 5 маусымда Мадридте 2030 жылы әлем чемпионатын бірге ұйымдастыруға шешім қабылдаған екі тарап арасында ратификациялық келісімге қол қойылды. Тараптар сонымен бірге Испания мен Португалия басшылары қол қойған бұл бастаманы мемлекеттік қолдау туралы декларацияға қол қойды.

Айта кетейік, 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты Катарда өтеді. Ал 2026 жылғы әлем біріншілігін АҚШ, Канада және Мексика бірлесе қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или